Осы жылдың қаңтар айының соңында Қазақстанда ірі дипломатиялық оқиға болады деп күтілуде. Моңғолия Сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаатардың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтеді.
Сапар аясында елдің жоғары басшылығымен кездесулер жоспарланған,оның барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуды, жоғары деңгейде өзара сапарларды ұйымдастыруды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін қарауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Монғолия стратегиялық әріптестер болып табылады, сондай-ақ ежелгі тарихи және экономикалық байланыстары бар.
“Екі мемлекетті байланыстыратын достық көпірі Моңғолиядағы қазақ диаспорасы болып табылады”,-деп атап өтті Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.
Сулет: inform.kz