Факты истории

Моңғол премьер-министрі Қазақстанға келеді

Қазақстанға ресми сапармен Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух келеді. Оның сапары ағымдағы жылдың 10-12 қазанында күтілуде. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Сапар аясында Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу жоспарланды, тараптар мәдени, гуманитарлық, сауда және экономикалық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық ұйымдар алаңдарындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау жоспарланды.

«Екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен білім беру, лаңкестікке қарсы іс-қимыл, қылмыстық және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек, екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға бағытталған бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады», — деді Айбек Смадияров.

Моңғол премьер-министрінің сапары аясында бизнес-форум өтеді.Онда екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысады. Хурэлсух «Астана» халықаралық қаржы орталығына, «жасыл» технологиялар халықаралық орталығына және кәсіпорындарға барады.

Сурет: 24.kz

Ещё в ленте

Все новости