2020 жылғы 16 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз келген 4 қазақстандықтан covid-19 табылды, деп «ҚазАқпарат» ХАА COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, 2020 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Египет, Түркия, БАӘ, РФ және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.
2 052 авиажолаушының 1 674-і ПТР-тестілеудің теріс нәтижесімен анықтама алды, анықтамасыз ҚР 378 азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына — 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамалары бар — 818, анықтамалары жоқ-206;
Нұр-сұлтан қаласының әуежайына — 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамалары бар — 601, анықтамалары жоқ-159;
Атырау әуежайына-2 рейс , 54 жолаушы, барлығы анықтамамен;
Орал қаласының әуежайына-1 рейс, 75 жолаушы, анықтамалары бар-72, анықтамалары жоқ — 3;
Шымкент қаласының әуежайына — 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамалары бар — 129, анықтамалары жоқ — 10.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары covid-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде.
ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2020 жылғы 16 желтоқсанда ҚР – ға ұшып келген 311 ҚР азаматынан Минск-Нұр-сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыда коронавирустық инфекция анықталды.
Сурет: inform.kz



