Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) бастығының орынбасары Александр Глазко жұмыс сапары кезінде Нұр-Сұлтанда суицид жасады. Ақпаратты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев растады.
“Бұл өз-өзіне қол жұмсау болды. Тексеру жүргізіледі. Бізде қаза тапқан, жарақат алған барлық қызметкерлерге қатысты біз әрдайым қызметтік тексеру жүргіземіз”, – деді ол.
ІІМ басшысының айтуынша, департамент бастығының орынбасары елордаға басшының біліктілігі үшін қажетті нормативтерді тапсыруға келген. Оларды үш жылда бір рет тапсырады.
Александр Глазко 2002 жылы Қостанай облысы бойынша УК-161/3 мекемесінің бөлімінде қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін бастады. 2017 жылғы 7 ақпаннан бастап Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары болды.