Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының қызметін тексерді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында өңірде бағасы қымбат медициналық қызметтерді пайдаланушылар саны артты. Егер сақтандыру енгізілгенге дейін мұндай қызметтер айына 1300 науқасқа ғана берілсе, қазір олардың саны үш есеге – 4 мыңнан астам адамға артты.
Сондай-ақ, жеке серіктестік бағдарламасының жобасы аясында облыста 5 емхана ашылып, 8 оңалту орталығы пайдалануға берілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру департаментінің директоры Азамат Өміртаевтың айтуынша, осы сақтандыру жүйесінің арқасында қосымша медициналық қызмет көрсететін жаңа учаскелер ашуға болады.
“Әрбір учаскеге 1500-ден астам адамнан келеді, халық медициналық қызмет көрсету қызметін кезекте тұрмай-ақ пайдалана алады. Осылайша, біз сапалы медициналық қызмет көрсетеміз”, – деді ол.