Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова брифинг өткізді, оның барысында Президенттің мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырмасын орындау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
Жайылғанованың бастауымен Қазақстанда биылғы жылы мемлекеттік қызметшілердің 10%-ын, ал келесі жылы -15%-ын қысқарту жоспарланып отыр.
Оның айтуынша, осы мақсатқа бос лауазымдар есебінен қол жеткізу болжанып отыр, олардың үлесі біздің республикамызда қазір 8,5%-ды құрайды.
“Біз ресурсты да пайдаланатын боламыз – бізде жұмыскерлердің зейнетке шығуы есебінен жыл сайын бір мыңнан астам бірлік босайды, сондай-ақ 6 мыңға жуық адам – жыл сайынғы ауысу: жеке секторға немесе өзге ұйымдарға ауысатындар. Бұл құралдар да пайдаланылатын болады”, – деді Жайылғанова.
Ол кез-келген жағдайда еліміздің мемлекеттік құрылымдарында жұмыс істейтін адамдарды ешкім жұмыстан шығармайтынын ерекше атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Республикасында министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институты таратылатыны хабарланған болатын. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тапсырманы биылғы 1 қыркүйекте өткен алтыншы парламенттік сессияның ашылуында берді.
Сурет: sputniknews.kz