Қазақстанда 2019 жыл “Жастар жылы” деп жарияланды. Осыған байланысты Алматы облысының өңірлік билік органдары баспанасы жоқ жастарға көмек көрсетуге шешім қабылдады.
Өңірлік биліктің көмегі “7-20-25” ипотекалық бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
Бастапқы жарна салуға мүмкіндігі жоқ жастарға мемлекеттен арнайы субсидия түрінде қаржылық қолдау көрсетілетін болады.
Өз бизнесін ашқысы келетін жастар мемлекеттік бюджеттен грант ала алатын болады.
Алайда, бұл ұсыныстардың барлығы әлі де жоба сатысында. Осы жобаларды іске асыру биылғы жылға жоспарланған.
Сулет: abctv.kz