Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысатынын хабарлады.
«11 қазанда Қазақстан Президенті Түркіменстанға жұмыс сапарымен барады, онда Ашхабадтағы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады», — деді Уәли.
Сондай-ақ баспасөз хатшысы,Қазақстан Президенті осы жылдың 10 қазанында Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен баратынын хабарлады.
«Жұмыс сапары аясында Президент жазушы Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылуына қатысып, Ақтаудағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барады», — деді Берік Уәли.
Сурет: 24.kz




