Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысады. Бұл туралы еліміздің ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметі жазады.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылы 16 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді», – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, білім министрлігінде пленарлық отырыс кезінде педагогтарды марапаттау рәсімі өтетінін хабарлады.
«Конференция аясында білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылады», – деп толықтырды министрлікте.




