ТАСС бас директоры Михаил Гусманмен сұхбат кезінде Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин індет кезінде ынтымақтастық рухты қолдай алады деп мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
“Жалпы әлем осы қиын жағдайдан лайықты шығып келеді. Мен осындай жағдайда ынтымақтастық рухты қолдайтын Ресей Федерациясының Президентіне ризамын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан басшысының айтуынша, ол Владимир Путинмен кеңесіп, коронавирустық инфекцияға қатысты өзекті ақпаратпен алмасады. Тоқаев бұл халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19-ны жеңу үшін барлық мемлекеттердің бірігуі және бірлесіп жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Президенті “Мир” мемлекетаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында сыртқы саясатта Қазақстан Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынас мәселелеріне аса мән беретінін мәлімдеді.
Сурет: kommersant.ru