Факты истории

Мемлекет басшысы Қорғаныс басшылығында кадрлық өзгерістер өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің екі жаңа орынбасарын тағайындалды, деп хабарлайды total.kz . 

Мұрат Мәкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;

Талғат Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;

Мұрат Бекжанов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы қызметінен босатылды;

Бақыт Құрманбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Қауіпсіздік Кеңесі әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сурет: 24.kz

Ещё в ленте

Все новости