Біздің республикамыздан ақшаны жылыстату және капиталды шығару тәуекелдерін төмендетуге бағытталған заңға Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сөз еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң туралы болып отыр.
Осы Заңда көрсетілген түзетулер құқыққа қарсы операция жасау мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сондай-ақ жасырын электрондық әмияндар арасындағы аудармаларға тыйым салу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Заңда Қазақстан банктеріне 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгеге айырбастап төлеу құқығын беру көзделген.
Мемлекет басшысы кейбір заңнамалық актілерге аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін тағы бір Заңға қол қойды.
Токаев қол қойған заңда көрсетілген түзетулер аудит мамандарын даярлау сапасын жақсартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.
Сурет: rbc.ru