Тоқаев” Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Заң жобасының ережелері Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне көшуді көздейді. Бұл жүйе бірнеше жылдар бойы әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады. Ол ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды қарастырады. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік бермейтін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленеді. Заң жобасын қабылдау бұл қаражатты тұрғын үйді жалдау ақысына да, қолданыстағы ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үйді меншікке сатып алуға да, оның ішінде төлемдерді бөліп-бөліп төлеу, кейін сатып алу арқылы тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қаза тапқан полицейлердің отбасыларына, жарақат алған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді сақтауды көздейтін норма енгізілді.