Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.
Кездесу барысында “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Мырзатай Жолдасбеков Президентке Мемлекет басшысының “Ұлы даланың жеті қыры”атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Қазақстанда ғылым қынжыларлық жағдайда екенін айта кету керек. Мемлекеттік тілде бірде-бір ғылыми-көпшілік журнал жоқ. Сондай-ақ ғылыми кітаптарды, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарын қазақ тіліне аудару бойынша жүйелі жұмыс жоқ.
Сулет: zakon.kz