Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істейтін жастарға үш қалада – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жалдау негізінде жылына мың пәтер беруді ұсынды. Ол осы өтінішті орындау үшін ірі компанияларға жүгінді.
“Тұрғын үй проблемасының өткірлігін ескере отырып, мен үкіметке біздің миллионнды үштікке ( … ) тапсырамын, қазір бұл тек Алматы ғана емес, Астана да, Шымкент те, осы үш ірі қалада жұмыс істейтін жастар үшін жылына кемінде 1000 пәтер салатын боламыз.
Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатуға тиіс. Бұл мәселені шешуге “7-20-25″ бастамасы да бағытталған. Мұндай тұрғын үйге тек жұмыс істеушілер ғана үміткер бола алады”, – деп мәлімдеді Назарбаев.
Президент жалға берілетін тұрғын үй қағидаты бүкіл әлемде қолданылатынын айтты. Ол, сондай-ақ, тұрғын үй беру жобасына қатысатын барлық жастар міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс деді.
“Біз “қол созып,сұрап жүруді” дамытқымыз келмейді – қолдарын созып үкіметке бармауы үшін. Сізге өз істеріңізбен және жұмыстарыңызбен мемлекетке көмектесетін кез келді”, – деді Назарбаев.
Сулет: nur.kz