Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қоғамдық мекемедегі төбелеске байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Нұрпейісов айтты.
Нұрпеисовтың айтуынша, оқиға мейрамханада болған. Аудан әкімінің орынбасары өз әріптесімен бірге мәдениет үйінің директорын соққыға жыққан. Әзірше төбелес не себептен басталғаны белгісіз.
Аудан әкімі аппаратының басшысы төбелес шенеуніктердің корпоративімен байланысты емес екенін, яғни әкімдік өкілдері болған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.
Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. Ішкі істер және аудандық әкімдік өкілдері бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Осыған байланысты Жамбыл ауданының әкімдігінде ішкі тергеу басталды. Қазір төбелес бастамашысы қоғамдық мекемеге келген соң бірден мәдениет үйінің директорына бас салған шенеунік болғаны анықталды.
Аудан әкімдігі өкілдері әкімнің орынбасары бір жарым ай ғана жұмыс істеген лауазымынан босатылды деп мәлімдеді.
Сурет: zakon.kz