Бүгін Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі 2.0.» форумының жұмысында Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев: » Сандық интеграция — еуразиялық бестіктің ортақ мақсаты», — деді. Ол бес үкімет басшыларын бірыңғай сервистер әзірлеуге шақырды.
«Сандық технологиялар саласындағы біздің қозғалыс бірыңғай сервистер мен қарым – қатынастың бірыңғай моделін құру жағына қарай ортақ және біркелкі болуы тиіс», — деп толықтырды Дмитрий Медведев.
ЕАЭО – Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей қатысушы елдері болып табылатын, халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік.
Естеріңізге сала кетейік, одақ өз жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарында бастаған болатын
Cулет: kaztag.info
 
 



