Ресей Федерациясының Премьер – Министрі Дмитрий Медведев Республика астанасында өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммитін өткізуге дейін бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиғаға дейін бір айдан аз уақыт қалғанын еске салды. Бұл туралы “РИА Новости”агенттігі хабарлады.
Еревандағы ЕАЭО үкіметаралық кеңесінде Медведев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерді іске қосудағы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа 1994 жылы ол қазір іске асырылып жатқан интеграцияның идеясын бірінші айтып өткеніне алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Медведев өз сөзінде жақында Қазақстанда одақтың мерейтойлық саммиті өтетінін және “республика үшін бұл маңызды оқиға екенін атап өтті. Алға жылжу, бірлесіп қозғалу, сондай-ақ бар мәселелерды шешу, біздің экономикаларымызды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін табу туралы шешім қабылданды”.