Факты истории

Медициналық ұйымдар 305 млрд теңге алды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2019 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына 305 млрд теңге төледі,деп хабарлайды kapital kz ақпараттық агенттігі.

«2019 жылғы 4 мамырға дейінгі жағдай бойынша қор жеткізушілеріне 305 млрд теңге немесе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге жасалған келісім-шарт сомасының 35,4% төленді», — деп хабарлады Қор Басқармасы Төрағасының орынбасары Ботагөз Жакселекова.

Бөлінген қаражатпен қосқанда жалпы сомасы 860 млрд теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 5%-ға өсті. 1403 медициналық ұйым мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан халқына қызмет көрсететін болады. Оның 701-і жеке меншікті.

Саны бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық көмек көрсетуге дайын жеке медициналық ұйымдар Шымкент, Нұр-сұлтан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында көш бастап тұр.

Ещё в ленте

Все новости