Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Астана экономикалық форумының дөңгелек үстелі барысында Қазақстанның инвестициялық саясатындағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Асқар Мамин әлемдік өзгерістер мен нарықтағы тұрақсыздық жағдайында экономиканың өсу серпіні Қазақстан Республикасының экономикасына халықаралық капиталдың құйылуын қолдау және жетілдіру шараларын қажет ететінін айтты.
«Осыны ескере отырып біз инвестициялық саясатты және бар инвесторларды жан-жақты қолдау принциптеріне негізделген саясаттың жаңа тәсілдерін жасадық. Нью-Йоркте, Лондонда, Шанхайда алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттарының озық тәжірибесі негізінде құрылған Астана» Халықаралық қаржы орталығы тікелей шетелдік инвестициялардың жаңа толқынын тартуда жетекші рөл атқаратын болады”,-деді Асқар Мамин.
Дөңгелек үстелдің соңында Мамин әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының қаржылық және инвестициялық экожүйесі «Астана» халықаралық орталығына өңірлік және халықаралық инвестициялық және қаржы орталығы болуға мүмкіндік беретінін айтты.
Сурет: inform.kz