Жамбыл облысының аумағында орналасқан Шоқпар және Гагаринское кен орындарында 21 тонна алтын және 135 тонна күміс бар. «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС мамандары геологиялық барлау жұмыстарының бағалау кезеңдерін аяқтады, өнеркәсіптік кондицияларды бекітіп,қорларды есептеді. Бұл туралы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорлар бойынша мемлекеттік комиссияның шешімімен С1+С2 санаттары бойынша — саны 2257,4 мың тонна кен, алтын — 10 104,3 килограмм, орташа құрамы 4,48 г/т, күміс — 84,2 тонна, орташа құрамы 37,31 г/т, Шоқпар кен орнының қоры С1+С2 санаттары бойынша 1554,1 мың тонна кен, алтын — 10 952,9 килограмм, орташа құрамы 7,05 г/т, күміс — 51,5 тонна, орташа құрамы 33,14 г/т» — делінген хабарламада.
Қазір компания пайдалы қазбаларды өндіру үшін лицензия алуды күтуде. «Тау-Кен Самұрық» жобамен одан әрі жұмыс істеу үшін стратегиялық әріптестерді тартуға ниетті.