2018 жылдың желтоқсанымен 2019 жылдың наурызын салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі 101,4%-ға өсті,деп хабарлайды total.kz.
Ведомство хабарлағандай, 2019 жылдың наурызына қарай Маңғыстаудың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің орташа мөлшері 33 916 теңгені құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3.5%-ға, азық-түлік емес тауарларға-0.4%-ға өсті.
Сондай-ақ, нан өнімдері, теңіз өнімдері, жарма өнімдері, балалар тағамы, макарон өнімдері, Шұжық және ет өнімдері де қымбаттады. Киім мен аяқ киімнің бағасы 0.1%-ға, үй тұрмысы заттары 0.5%-ға өсті. Ал,көлік қызметтерін 0.4% – ға төмендетті.