Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауынгерлері Жаңаөзенде заңсыз қару дайындап, өткізбек болған деген күдікпен бейқұрылымды діни ағымның екі жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат агенттігі.
Тінту кезінде қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Жаңаөзен қаласының екі тұрғынының заңсыз қару сатуға қатыстылығын растайтын екі автомат пен үш тапанша тапты.
Ұсталғаннан кейін деструктивті діни ағымның жақтаушылары уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мамандар ұсталған адамдардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Бұған дейін Social Development Center қоғамдық қорының корпоративтік байланыстар жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында деструктивті діни идеологиялардың 20 мыңнан астам ізбасарлары бар екенін айтқан болатын.
Social Development Center қоғамдық қорының қызметі қоғамның жан-жақты дамуына бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Сурет: zakon.kz