Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов “Маңғыстаумұнайгаз” мұнай-газ компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғағанын айтты, деп хабарлайды ratel.kz жаңалықтар ресурсы.
Сөз “Маңғыстаумұнайгазды” құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәурен Бейсембин және оның орынбасары туралы болып отыр, алайда премьер-министрдің кеңесшісі екінші лауазымды тұлғаның атын атаған жоқ.
Дегенмен, Ербол Еділов олар ірі ұрлық жасады деп күдікке ілінгенінін, атап айтқанда жарты миллиард теңгеге жуық ұрлағанын айтты. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар жалған келісімдер жасау арқылы ақша жымқыраған.
Сондай-ақ, кеңесші қазіргі уақытта мұнай-газ компаниясының лауазымды тұлғалары Қаржы министрлігі жанындағы қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамауға алғанын айтты.
Еділовтың айтуынша, қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеудің барлық қажетті рәсімдері жүргізілуде.
Бүгінгі таңда “Маңғыстаумұнайгаз” мемлекетіміздің ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі болып табылады. Оның штаб-пәтері Ақтауда.
Сурет: newtimes.kz