Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті,бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров Маңғыстау облысында осы жартыжылдықта табиғи газ өндіру көлемі 1 млрд 532 млн текше метрді құрағанын айтты.
Оның айтуынша, газ өндірудің ең көп көлемі «Шағырлы-Шомышты» компаниясы – «ҚазАзот» АҚ филиалына тиесілі. Екінші орынды 391,7 мың текше метр, ал үшінші орынды 324,2 мың текше метр «Өзенмұнайгаз» АҚ иеленді.
«Өзенмұнайгаз» компаниясының табиғи газ өндіруін ұлғайту қосымша келісім – шарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алумен байланысты», — деді Әбдіқадыров.
Ол биылғы жылы өңір 948,1 мың текше метр газ өндіруді жоспарлап отырғанын, сонымен қатар өндіруге 31 мұнай-газ өндіруші компания тартылғанын атап өтті.
Сурет: inbusiness.kz




