Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Ләззат Есенғалиева Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы today.kz хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, аймақта дәрігерлер арасында жұқтыру жағдайлары тіркелген. Бүгінгі күні коронавирустық инфекция 20 медицина қызметкерінде анықталды, оның үшеуі дәрігер болып табылады.
Осыған байланысты, Есенғалиева атап өткендей, аймақта арнайы комиссия құрылды, ол қазіргі уақытта медиктер ауруының барлық жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр.
Комиссия тергеуді аяқтағаннан кейін ол өз жұмысының нәтижелерін ұсынады, одан кейін дәрігерлерге қосымша төлеу жөнінде шешім қабылданады.
Ләззат Есенғалиева қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның шығуына байланысты аймақта тұрақсыз жағдай байқалып отыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысында ресми түрде COVID-19 ауруының 161 жағдайы тіркелген.
Сурет: today.kz