Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Мақтарал ауданының эвакуациялық пункттеріне 147 медициналық қызметкер жұмылдырылды. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлады.
Мақтарал ауданында барлығы 24 эвакуациялық пункт ұйымдастырылды, онда тәулік бойы дәрігер жұмыс істеп жатыр. Барлығы 58 дәрігер мен 89 фельдшерлер. Олар көшірілген азаматтардың денсаулығын бақылап қана қоймай, COVID-19 қорғанудың негізгі шараларын түсіндіруде.
Эвакуациялық пункттердегі азаматтардың коронавирус жұқтырудың алдын алу мақсатында билік 22750 медициналық маска, 14750 қолғап, 800 литр антисептик және 500 литр дезинфекциялау құралдарын жіберді.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуына байланысты Мақтаарал ауданының коллекторлары суға толып, нәтижесінде елді мекендерді су басты.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басу салдарынан зардап шеккен барлық азаматтарға көмек көрсетілетінін айтты.
Сурет: Inbusiness.kz