Хабарланғандай, Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыс басталды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пленарлық отырыс аясында Мәжіліс депутаттары “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйым арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы”заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, пленарлық отырысқа қатысушылар “Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”заң жобаларының қорытындыларын шығарады.