Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы “Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын және оған ілеспе түзетулер топтамасын жұмысқа алды, деп zakon.kz хабарлайды.
Заң жобасына Мәжіліс сайлауындағы Саяси партиялар үшін шекті 7% — дан 5% – ға дейін төмендететін өзгерістер мен толықтырулар, барлық деңгейдегі дауыс беруге арналған бюллетеньдерге “барлығына қарсы” бағанын қосу енгізіледі, – делінген бейінді комитеттің қорытындысында.
Бұл ретте, заң жобасы шеңберінде “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға көрсетілген сайлауды тағайындау; жергілікті әкімдерге қойылатын талаптар; кандидаттарды ұсыну тәртібі; өзін-өзі ұсынушыларды қолдау үшін қол жинау тәртібі; кандидаттарды тіркеу; сайлау кезінде дауыстарды санау; сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау тәртібі; сайлау өткізілгеннен кейін сайланған әкімді тіркеу тәртібі бойынша бірқатар түзетулер көзделетіні атап өтілген.
Сондай-ақ, тиісті аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер тұрғындарының сайлау құқықтарын іске асыру үшін заң жобасында әкімдерді сайлауға өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі көзделген. Халық атынан ұсынылған кандидат қолдау үшін тиісті қол санын жинайды.
Аталған заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер пакеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді.