Қазақстан өлім жазасын жою бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдайды, деп zakon.kz хабарлайды.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман атап өткендей, өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына 2020 жылғы 28 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылды.
Хаттама еліміздің өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Комитет бұл заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша 2021 жылғы 23 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын, — деп депутат атап өтті.