Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаты кезінде депутат Азат Перуашев кәсіби спортты мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салу туралы ұсыныс енгізді. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Ол бүгінгі таңда өңірлерге бөлінетін ақшалай қаражаттың 80%-ы футболшыларға кететінін атап өтті. Депутат кәсіби футболшыларды ұстауға көп қаражат бөлудің орнына, балалар-жасөспірімдер футболын, стадиондар мен инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсынды.
Перуашев бейінді ведомство, бірінші кезекте, кәсіби клубтар қолдауы емес, бұқаралық спортты дамытуға мүдделі болуы тиіс деп мәлімдеді.
Ол жоғары жетістіктер спорты мен Олимпиада ойындарын тиісті қаржыландыруы бар Ұлттық Олимпиада комитетіне беруді ұсынды. Депутат ұлттық компаниялар мен бизнес кәсіби спортты қаржыландырсын деп атап өтті.
Сөзінің соңында депутат спортшылар өздерін кәсіпқой деп санайтын болса, өздері ақша тауып, шын мәнінде кәсіпқой екенін дәлелдесін деді.
Сурет: zakon.kz