Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ тараптар еліміздің елордасында 23-24 қыркүйекте өтетін “Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” атты Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші отырысына Қытай халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы делегациясының қатысуы мәселесін талқылады. .
Сонымен қатар, әңгіме барысында осы жылдың қыркүйек айында ЖММК тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын жоспарлап отырғанын атап өтті.