Қазақстан парламенті төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне қатысу үшін елімізге келген Беларусь парламенті өкілдері палатасының спикері Владимир Андрейченкомен кездесу өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу басында Мәжіліс Спикері өз әріптесіне парламенттік форумға қатысқаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Нығматулин Беларусь еліміздің маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті.
Владимир Андрейченко сұхбаттасын тыңдап, Қазақстан Республикасының бейбітшілік, достық пен келісімді нығайтуға қосқанын зор үлесі тек Еуразиялық кеңіскте ғана емес екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің алдағы кеңесіне дайындық мәселелері талқыланды. Андрейченко үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгендіктен,шара сәтті өтеді деп санайды.
Кездесу қорытындысы бойынша Беларусь парламенті өкілдері палатасының спикері өз елі мен біздің ел арасындағы ынтымақтастық, екі жақтың мүдделері ескеріле отырып, кеңейтілетіндігін мәлімдеді.