Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында жүр. Бұл туралы «365info.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар аясында Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасы Парламентінің заң шығарушы палатасының төрағасы Нұрдинжон Исмоиловпен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Нигматилла Юлдашевпен кездеседі.
Сондай-ақ, Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Өзбекстанның шет елдерімен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитетінде бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, Нығматулин Өзбекстанның Қазақ ұлттық орталығына барады.
Сурет: 365info.kz