Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындыларынан нені түсінуге болады

5 года назад
О чем говорят предварительные итоги выборов в Мажилис

Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады. Мәжіліске, болмағандай, Nur Otan, «Ақ жол» және Халық партиясы өтті.

Алдын ала қорытынды бойынша, билік партиясы 71,09%, «Ақ жол» — 10,95%, Халықтық партия — 9,10%, «Ауыл» — 5,29%, ал «Адал» — 3,57% дауыс жинады.

Алайда, бұл күтілген жағдай. Тәжірибе мен танымалдық сияқты факторлар нұротандықтар, ақжолдықтар және бұрынғы коммунистердің пайдасына асты. Сонымен қатар, «Ақ жол » мен ҚХП электоратын билеуші партия есебінен арттырды. Ақжолдықтардың бизнесті қолдау жөніндегі сапалы науқаны, ал Халық партиясының атауды өзгерту, зейнетақы реформасы мен несиелік рақымшылық туралы ұрандарды қолданғаны пайдаға асты.

«Ауыл» мен «Адалға» келетін болсақ, олар сайлау алдында ғана өздерінің бар екенін көрсетті. Бұған дейін саяси бірлестіктердің қызметі айтарлықтай байқалмады. Алайда, партиялар Парламентке кірмесе де, өткен сайлау науқанымен салыстырғанда осы жолы олар өз нәтижелерін жақсартты.

«Адал» партиясы өзінің сайлауалды науқанының басталуын созып жібермеген жағдайда, жақсы нәтиже көрсете алар еді. Иә, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауы өз рөлін атқарды, бірақ бизнес-қоғамдастық билік партиясы және «Ақ жолменмен» дәстүрлі түрде жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн.

Жалпы, Мәжілістегі саяси жағдай өзгерген жоқ және барлық негізгі ойыншылар бұрынғы орындарында қалды деп айтуға болады. Осылайша, алдыңғы сабақтастық бағыты және билік партиясының билеуші мәртебесі расталды. Көріністі біршама бұзатын жалғыз нәрсе — елдің ірі қалалары — Алматы мен Нұр-Сұлтанда сайлаушылардың төмен қатысуы, бұл мегаполис тұрғындарының өте жоғары наразылық әлеуетін және қазіргі саяси партияларға деген сенімсіздігін көрсетуі мүмкін.

Нұрлан Фадеев, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Сурет: russian.rt.com

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ҚХА-дан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін дауыс берді

Келесі

Екі жүзге жуық қазақстандық колледж лицензиясынан айырылды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.