Кеше Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Нұржан Әлтаев, Балайым Кесебаева және Наталья Жұмаділдаева Қызылорда қаласындағы балалар орталығында болып, оның жұмысының ерекшеліктерімен танысты.
Орталық ерекше болып табылады және бірқатар арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл орталық Талсуат округінде орналасқан және мұнда 1990 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Ол жүз елу орынға есептелген.
Орталық басшысы Айгүл Шамшатова мекемеде күрделі диагнозы бар балаларға стационарлық, жартылай стационарлық арнайы әлеуметтік көмек көрсететінін айтты: БЦП, эпилепсия, Даун синдромы, сондай-ақ ақыл-ой және психикалық дамудағы артта қалумен байланысты ауыр аурулар.
Депутаттар орталықтың ерекшеліктерімен танысып, қызметкерлермен әңгімелесті.
Сондай – ақ, олар мүгедек адамдарға, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсетуге байланысты Тұңғыш Президент-Елбасы бастамасын іске асыруға тырысатынын айтты.
Нұржан Әлтаев атап өткендей, олар басқа депутаттармен бірнеше күн бойы облыстағы түрлі әлеуметтік нысандарға, соның ішінде шалғай елді мекендерге жұмыс сапарларын жасап, олардың жұмысымен және жай-күйімен танысты.
Әлтаев сондай-ақ, орталық қызметкерлерімен әңгіме барысында әлеуметтік атаулы көмек алуға байланысты көптеген мәселелер қозғалғанын атап өтті.
Орталықта табылған мәселелер міндетті турде, жақын арада Мәжіліске жіберіледі.
Сурет: inform.kz