Мәжілісмен Бахтияр Мәкен депутаттар Қазақстан Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде тұрған барлық әскери арсеналға тексеру жүргізу қажеттігі туралы жалпы шешімге келгенін айтты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарат агенттігі жазды.
Бахтияр Мәкеннің айтуынша, әскери арсеналды тексеру одан әрі Арыс қаласында болған жағдайдың қайталанбауы үшін қажет.
«Әскери қоймалардың,оқ-дәрі сақталатын барлық орындардың жағдайын білу мақсатында тексеру жүргізілуі керек.Кім жауапты,қазіргі заман талаптарына сай ма.Қорғаныс жүйесінің өзінде тәртіп қалыптастыру – мемлекет үкіметінің бірінші міндеті»,-деді Бахтияр Макен.