Парламенттің төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цойдың коронавируспен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеуі жөніндегі жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ratel.kz ақпарат ресурсы.
Нығматулин коронавирустық инфекцияны жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы санының тек 14%-ы ғана өтемақы алғанына наразылық білдірді.
Мәжіліс басшысы коронавирустан қайтыс болған дәрігерлер отбасыларының тек 13%-ы ғана республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткен өтемақы алғанына наразы болды.
“Бүгінде бізде барлық аурған және коноровирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына өтемақы төлеу, дәлірек айтқанда, төлемеу – бұл ойластырылмаған амал-тәсілдің нәтижесі, әлеуметтік блок министрліктерінің өзара іс – әрекетінің жоқтығы”, – деді Нығматулин.
Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Денсаулық сақтау министрлігі жіберген барлық қателерді түзетудің маңыздылығын мәлімдеп, біздің мемлекетімізде төлемдерді бекіту тетігін өзгерту қажет деп санайды.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстан Республикасында 12 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.