Мәскеуде өткен киберқауіпсіздік бойынша екінші халықаралық конгресс аясында Сбербанктің еншілес компаниясы “BI. ZONE” және «Транстелеком» акционерлік қоғамы киберқауіпсіздік бойынша бірыңғай платформа құру үшін ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Әріптестердің мақсаты орталықтардың жұмысында сараптама мен тәжірибені біріктіру және Қазақстан ұйымдарына киберқауіпсіздіктерден қорғау үшін лайықты шешімдерді ұсыну болып табылады.
Қол қойылған киберқауіпсіздік бойынша ынтымақтастық “Транстелеком” АҚ және “BI. ZONE» дамуының ортақ мақсатын көздейді, осыған орай Ресей серіктестері техникалық қолдау көрсетеді, сату алдындағы процестерге қатысатын, клиенттік ұсыныстарды орындауға сатау алды үдерістерге қатысады және “Транстелеком” акционерлік қоғамының мамандарымен бірге киберқауіпсіздік, жаңа технологиялар және қауіпсіздігі саласындағы пәрменді жұмысты орындайтын болады.