Қазақстанның қорғаныс ведомствосы Мәскеу облысындағы» Альбино » Ресей полигонының аумағында Халықаралық әскери ойындары — 2020 жарысының салтанатты жабылу рәсімі өткенін хабарлады.
Қорғаныс министрлігі АрМИ — жарыс түрінде өткізілетін жауынгерлік дайындықтың тиімді түрінің бірі екенін еске салды.
Биыл коронавирустық індетке байланысты қазақстандық әскери қызметшілер Халықаралық әскери ойындары — 2020 аясында өткізілетін ең керемет сайыстың бірі «Танк биатлонына» қатысты.
Танк жарысында біздің әскери қызметшілер трассада жоғары жылдамқпен өтіп, нысандарды дәл жоя білді. Алайда, үлкен күш-жігерге қарамастан, қазақстандық команда жүлделі орындарға ие бола алмады.
«Танк биатлонындағы» көшбасшы Ресей командасы болды. Екінші орында Қытайдың әскери қызметшілеріне, үшінші орын Беларусь танкистеріне бұйырды.
АрМИ-2020 алаңында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнатха Сингхпен, басқа елдерден келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, біздің әскери қызметшілердің Ливанда бітімгершілік миссияны орындауы мәселелерін талқылады.
Сурет: media.az
 
 



