Алматы облысында алтын алқадан бас тартқан аналарға қатысты дау ушыға түсті! Марапаттың орнына, баспана даулаған әйелдерді әкіммен кездесуге шақырып алған қоғамдық ұйым басшылары күтпеген жерден олардың өздерін жерден алып жерге салды. Атап айтқанда, кейбірінің некесіз бала тапқанын бетіне басты. Көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскендерге қой дейтін жан табылмады. Керісінше, басшылар алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті, деп хабарлайды КТК арнасының тілшісі.
Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...




