Қазақстан Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Әсет Мағауов мұнай бағасы төмендегенмен, біздің республикамызда бензин бағасының арзадамаға себебін айтты. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, біздің елімізде қара алтынның бағасы, басқа мұнай экпортер мемлекеттерімен салыстырғанда, айтарлықтай төмендеген жоқ.
Бұған, Мағауовтың айтуынша, қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардағы қара алтын бағасы экспорттық бағадан төмен болды. Сондықтан Республиканың ішкі нарығында мұнай өнімдері құнының күрт төмендеуін күтудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Қазақстанда мұнай өнімдерінің бағасы қандай факторлардан құралатынын айтты. Оның айтуынша, бұл отандық мұнай өңдеу кәсіпорындарында процессингтің құны, сондай-ақ көлік шығындары мен сақтау шығындары.
“Көлік шығындары бұрынғы деңгейде сақталды, мұнай өнімдерін сақтау шығындары мұнай өнімдерінің өзіндік құнына жатады. Ішкі нарықтағы баға тарихи төмен, сондықтан соңғы баға 4 %-ға азайды”,-деп атап өтті вице-министр.
Сурет: vodi.su