Ұлттық компаниялар мен холдинг басшыларын жыл сайынғы негізде әлеуметтік желілерде қаржылық есеп беруді міндеттеуге ниетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы жарлығының жобасында айтылған.
“Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ІІІ тоқсан ішінде қоғамдық өкілдерімен жыл сайынғы негізде қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы Әлеуметтік желілер арқылы интернет-конференциялар өткізу үшін шаралар қабылдасын”, – делінген Жарлықта.
Бүгінгі күні есептермен онлайн-трансляцияларды орталық мемлекеттік органдардың басшылары ғана жүргізуге міндетті.
Егер түзетулер қабылданса, орталық органдар мен әкімдіктер есептер жарияланғанға дейін бір ай бұрын интернетте, оның ішінде “электрондық үкімет” сайтында ведомстволық бағынысты ұйымдар жұмысының қаржылық нәтижелері мен тиімділігі туралы ақпаратты орналастыруға міндетті болады.
Сурет: kaztag.info