“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанда тіркелген коронавирусты жұқтыру жағдайлары туралы айтып, оның бизнеске қалай әсер ететінін айтты.
“Атамекен” басқармасының басшысы Абылай Мырзахметов Қазақстанда вирусты жұқтыру оқиғаларының жарияланғанын атап өтті және енді бұрынғыдан да қатаң болатын карантиннің жаңа шаралары іске асырыла бастайтынын мәлімдеді.
“Біз мұны пандемияны бастан кешкен немесе бастан кешіп жатқан елдердің тәжірибесі бойынша білеміз – Қытай, Еуропа елдері, сондықтан тыйым салынған шаралар қатаңдатылады”, – деді Мырзахметов.
Мырзахметовтың айтуынша, коронавирус жағдайы, атап айтқанда оның таралуын болдырмау шаралары Қазақстандағы бизнеске кері әсерін тигізеді.
“Атамекен” басқармасының төрағасы кәсіпкерлер палатаға қолдау сұрап өтініш білдіріп жатқанын, олардың 60%-ы шағын және орта бизнестің өкілдері екенін айтты.
«Кеше, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, резонанс тудырған шешімдер қабылданды. Қоғамдық тамақтану, қонақүйлер, сауда орталықтары, кинотеатрлар, адамдар көп жиналатын орындар, оларға шектеулер қойылды», – деді Мырзахметов.
Абылай Мырзахметов коронавирустан басқа, отандық кәсіпкерлер арасындағы алаңдаушылық тудырған тағы бір фактор – ұлттық валютаның кезекті құлдырауы екенін атап өтті.
Сурет: pravoslavie.ru