Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Шыңғыс Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, онда індетке қарамастан, елімізде бизнесмендер саны артып отырғанын мәлімдеді.
Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының айтуынша, Қазақстанда коронавирус тарала бастағаннан бері елімізде кәсіпкерлер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артты.
Сонымен қатар, Шыңғыс Ахметов қазіргі кезде белсенді кәсіпкерлік қызмет көрсету және сауда саласында байқалып отырғанын атап өтті.
Брифинг барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөлінетінін айтты. Оның айтуынша, оларды қолдау үшін бірнеше бағдарлама пакеті жүзеге асырылуда.
Бұған дейін ағымдағы жылдың 10 шілдесінде өткен Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы қабылданған шараларға қарамастан еліміздің сегіз өңірінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны азайғанын айтқан.
Сурет: chektv.ru