Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 1 000 теңгелік алтынның құрамдас бөлігі бар күмістен жасалған «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» топтамалық монеталарын айналысқа шығарады, деп zakon.kz хабарлайды.
Номиналы 1 000 теңге, жалпы салмағы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, салмағы 46,2 грамм, 999/1000 сынамалы алтыннан жасалған құрамдас бөлігі, салмағы 16 грамм, «proof» дайындау сапасы, диаметрі 50 мм, 1 000 дана тиражбен дайындалған монеталар, — деп Ұлттық Банкте хабарлады.