Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында Қазақстанда өткен жылы ұлттық валютадағы депозиттер мен салымдардың өсуі жайында айтты.
“2018 жылы депозиттер 6%-ға 18,6 трлн теңгеге дейін өсті. Шетел валютасындағы депозиттер долларлық баламада 6,9%-ға төмендеді. Өткен жылы депозиттердің долларлануы іс жүзінде өзгерген жоқ және желтоқсан айының соңында 48,4% құрады”, – деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы 2014 жылдан бастап күнтізбелік (2018) жыл ішіндегі ағымдағы операциялар шоты 0,9 млрд АҚШ доллары профицитпен қалыптасқанын айтты.
“Бұл макроэкономикалық үрдістердің жақсарғанын растайды және теңге бағамына оң әсер етеді. Жақсару сауда балансының 58% -ға 27,4 млрд. АҚШ долларына өсуімен байланысты. Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша капиталдың таза ағыны 9,8%-ға өсіп, 4,1 млрд АҚШ долларын құрады”, – деді Данияр Ақышев.
Сулет: tengrinews.kz