Елдегі инфляцияның баяулауы туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Биылғы жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 7,4% — ға дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне үлкен үлес қосуды жалғастыруда. Азық — түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздікті сақтау аясында 2020 жылғы желтоқсандағы 11,3% — дан осы жылғы қаңтардағы 11,4% — ға дейін жеделдеді», — деді Үкімет отырысында Ерболат Досаев.
«Азық — түлік емес инфляция 5,5% — дан 5,3% — ға дейін, ақылы қызметтер инфляциясы 4,2% — дан 4,1% — ға дейін баяулады. 2020 жылдың қарашасынан бастап азық — түлік инфляциясының жеделдеуіне байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар аса сезімтал тамақ өнімдері (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) бағасының өсуіне ерекше назар аударуы қажет», — деп спикер атап өтті.
Ол сондай-ақ, өңірлік бөліністе инфляцияның айтарлықтай диспропорциясы бар екенін айтты.
«Мәселен, Маңғыстау облысында (8,7%) ол республикалық деңгейден 1,3 п.т. асып түсті, Қарағанды облысында (7,8%) және Нұр-сұлтан қаласында (7,8%) – 0,4 п. т. Азық-түлік инфляциясы 12% — дан жоғары Қарағанды (12,7%), Атырау (12,2%), Павлодар (12,1%) облыстарында жалпы республикалық деңгейде 11,4% тіркеледі. Азық-түлік емес инфляция бойынша Маңғыстау облысы тағы да ел бойынша 6,9% — дан 5,3% — ға дейін көш бастап тұр. Ақылы қызметтер инфляциясы 5%-дан жоғары Маңғыстау облысында (6,6%), Нұр — Сұлтанда (5,3%), Ақтөбе облысында (5,2%) жалпы республикалық инфляция 4,1% болған кезде тіркелді», — деп Ұлттық Банк басшысы түйіндеді.
Сурет: inform.kz




