Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – “А” арнайы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, деп zakon.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – “А” арнайы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, — делінген Ақорда сайтында.
Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы 1967 жылы туған. Алматы зооветеринарлық институтын (1984-1991); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (2000) бітірген.
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкері, офицер аға, бөлімше бастығы, бөлім бастығы, 2-басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің 1-департаменті бастығының орынбасары (10.1992-2006);
1-департаменттің бастығы – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (03.2006-01.2012));
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары — Президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы (01.2012-01.2013));
ҚР ҰҚК “Арыстан” қызметінің бастығы (01.2013-03.2013));
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы (03.2013-04.2014);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (21.04.2014-07.2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – “Арыстан” қызметінің бастығы (07.2014-06.2019);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (06.2019 бастап).
Сурет: zakon.kz