Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Өліп тірілген» азамат туралы әділет министрі айтты

7 года назад
О «восставшем из мертвых» гражданине рассказал министр юстиции

Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаев Мәжілістегі Үкімет сағатында Атырау облысында болған қызықты оқиға туралы айтты. Азамат Айғали Супуғалиев жерленгеннен кейін екі ай өткен соң үйіне қайтып оралған.

2018 жылдың қараша айында Супагалиевтің туыстары «Айғали Супуғалиев»деп жерленген мәйіттің эксгумациясын жасады. Сараптама нәтижелері жерленген сүйектердің 99 % сәйкес келуін көрсетті.

Генетикалық зерттеу үшін Айғали Супуғалиевтің жақын туыстарынан сілекей мен қан үлгілері ұсынылды.

«Менің түсінігімде, егер сараптама жүргізу үшін материал әкелінсе, ал бұл жағдайда қандай да бір қан немесе басқа материал алынған болса, олар белгіленген стандарттар бойынша тексеріледі. Біздің жұмысымыз — бұл процедураларда бұзушылық болды ма жоқ па, соны тексеру. Содан кейін жақын туыстары дәл сондай талдауларды тапсырғанда — олардың сәйкестігі өте жоғары, 99 % шығады. Бірақ, олар мүлдем басқа адамдар. Мүмкін алыс туысқандар шығар»,-деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Ол гендік кодтың жоғары сәйкестігі «бірегей оқиға» емес екенін айтты.

«Біз Қарағанды облысындағы қылмыстық істердің бірі бойынша (зорлау туралы) зерттеу жүргіздік. Бұл ауылда көптеген туыстар тұрады. Барлығында гендік кодтың сәйкестігінің өте жоғары дәрежесі бар. Сондықтан бұл заттарға мұқият және саналы түрде қарау керек», — деп түсіндірді Бекетаев.
«Сараптамаға сену керек. Қазір бұл дәлелдерді алудың ең озық әдістері. Бірақ сараптамаға, кез келген қызмет сияқты, белгілі бір күмәнмен қарау керек, ол үшін бізде сот бар (…). Егер құқық қорғау органдары мұқият іздестіру шараларын жүргізсе, барлығынан сұрай бастаса, онда басқа да дәлелдер табуға болады. Кешенді түрде бірнеше дәлелдерді қарастыру керек», — деді министр.

Жерлеп, бата оқып,құдайы тамақ берген туған-туысқандары, кешке үйінің есігін ашып, кіріп келген Айғалиды көргенде, таңданысы қандай болды.

Есеңгіреп қалған туыстары молекулярлық-генетикалық сараптама сарапшыларын қате қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатынын мәлімдеді.

Сулет: bnews.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Жаңа жылдық сыйлықтарда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер болуы мүмкін

Келесі

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелерге үміткерлер саны артуда

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.